“Өлең деп өмір сүремін” атты поэзия сағаты өткізілді.
13 тамыз күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 24 жергілікті авторлардың шығармаларын насихаттау мақсатында “Өлең деп өмір сүремін” атты поэзия сағаты өткізілді.Іс-шара барысында оқырмандарға айтыскер, ақын, журналист Есет Досалының “Өлең деп өмір сүремін” – аталатын жыр кітабындағы “Астана-айбыным” өлеңін Вокал үйірмесінің жетекшісі Бекнұр Ж.орындап, “Анашым асылым”, “Күзгі жапырақ” өлеңдерін Адлет Б., Зинат Т. оқыды.

