“Өлең өлкесінің қыраны” атты әдеби вернисаж өткізілді.

6 ақпан күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушыларымен Әбділда Тәжібаевтың 115 жылдық мерейтойына орай “Өлең өлкесінің қыраны” атты әдеби вернисаж өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттай отырып, өлеңдерін таныстырып Ә.Тәжібаевтың кітаптарына шолу жасады. “Алтын қалам”, “ Жылдар ойлар” атты кітаптарымен таныстырып Тұяқбаева Арай “ Ұрпақ” атты өлең шумағын нақышына келтіріп мәнерлеп оқып берді.

Возможно, это изображение 16 человек и люди учатся