«Өкінбеймін, елім үшін өлдім мен!» тақырыбында реквием кеші өткізілді.

30 мамыр күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Өкінбеймін, елім үшін өлдім мен!» тақырыбында реквием кеші өткізілді. Шара барысында кітапханашы саяси қуғынға ұшыраған алаш азаматтарын еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жариялап, Қазақстандағы саяси-қуғын сүргіннің зардаптары туралы ақпарат берді. Жалпы құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету, келешек ұрпаққа осы қанқұйлы жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұлықтау, оларды мәңгі есте сақтау мақсатында өткен шара өз деңгейінде өткізілді.

Нет описания фото.