«Әулиеата өңірі – руханиятымыздың қазығы» атты ақпараттық сағатын өткізді.

21 ақпан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Т.Рысқұлов мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай «Әулиеата өңірі – руханиятымыздың қазығы» атты ақпараттық сағатын өткізді. Аталған шарада кітапханашы Жамбыл облысының тарихы, Әулиеата өңірінің тарихы мен тағлымы, облыстың қазіргі тыныс-тіршілігі туралы маңызды тарихи ақпараттармен бөлісті.

Іс-шараның мақсаты – қазіргі жастарымызды туған өлкесіне деген құрметін арттыру, ұлттық сананы ояту және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Нет описания фото.