«Әнімен тербеп даламды» атты поэзия сағаты өтті.
19 маусым күні Сауытбек ауылдық кітапханасында халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аты аңызға айналған ақын, жырау, сазгер, Кенен Әзірбаевтың 140 жылдық мерейтойына орай «Әнімен тербеп даламды» атты поэзия сағаты өтті. Мақсаты: К.Әзірбаевтың өмірі, шығармаларымен танысып, үлгі-өнеге алу, ақын жолын жалғастыру.Өмір жолын, еңбек жұмыстарын, ең бастысы өнерге жанашыр тұлға екендігін, жас буын өкілдеріне таныту.

