«Ән-жырға айналған поэзия» атты поэзия кеші өтті.

29 қараша күні орталық кітапхананың «Білім» орталығында қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, мемлекет және қоғам қайраткері, ірі тұлға, біртуар суреткер Фариза Оңғарсынованың 85 жылдық мерейтойына орай «Ән-жырға айналған поэзия» атты поэзия кеші өтті.

Аталмыш шарада кітапханашы ұлттық поэзия бағының шоқ гүлдерінің ішінде отты жырларымен дараланған ақынның өмір дерегіне тоқталды. Кітапхананың тұрақты оқырмандары ақын анамыздың «Мен сонда жылап қалғам», «Мен сізді ұнатамын», «Анама», «Көз алмай неге қарадың» атты өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды

Возможно, это изображение 31 человек, люди учатся и текст