«Ән-мұрам саған аманат» атты тұлға тану кеші өтті.
29 қаңтар күні аудандық орталық кітапхананың Білім орталығында Қазақстанның халық әртісі, күміс көмей әнші Ғарифолла Құрманғалиевтың 115 жылдық мерейтойына орай «Ән-мұрам саған аманат» атты тұлға тану кеші өтті. Іс-шара аясында ән өнерінің әйгілі тұлғасының өмірінен сыр шертетін слайд көрсетіліп, Нұржамал» , «Ақ Жайық», Аққу», т.б әндері таныстырылды.

