«Ән бұлбұлы Біржан сал» тақырыбында әдеби микс өткізілді.
17 маусым күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұймдастыруымен Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдық мерейтойына орай «Ән бұлбұлы Біржан сал» тақырыбында әдеби микс өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Біржан Қожағұлұлының өмірбаянына тоқтала келе, атақты әнші, сазгер, суырып салма ақын екендігін насихаттап өтті.
Мақсаты: қазақ халқының танымал ақын, әншісі Біржан сал өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, оның халқына қалдырған мол мұрасын ұрпаққа жеткізе отырып жерлес ақын композиторды әндерін құрметтеуге шақыру.

