«Ән бұлбұлы – Біржан сал» атты танымдық сағат өткізді.
11 қараша күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері С.Сейфуллин мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен, қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, сазгер ақын,Біржан Сал Қожағұлұлының 190 жылдық мерейтойына орай «Ән бұлбұлы – Біржан сал» атты танымдық сағат өткізді. Аталған шарада Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Оның әндері адамгершілік асыл қасиет пен ізгілікке арналған.Осыған орай кітапханашы ақын шығармаларына шолу жасай отырып,оның өлеңдерінің тақырыптық мағынасын ашып, дәріптеді.

