«Әлия есімі-біз үшін өнеге, біз үшін мақтаныш» атты печа-куча өткізілді.
28 тамыз күні Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен этнос өкілдері арасында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ерлігіне арналған «Әлия есімі-біз үшін өнеге, біз үшін мақтаныш» атты печа-куча өткізілді. Мақсаты: Оқырмандардың сөйлеу мәнерін қалыптастыру, тіл байлығын дамытып, ой – өрісін кеңейту. Оқырмандарға Әлия Молдағұлованың өжеттілігі, қайсарлылығы, ерлігі туралы әңгімелеу.

