,,Әлем таныған балалар жазушысы” тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді.
28 ақпан күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында ,,Бір ел-бір кітап” акциясы аясында қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай ,,Әлем таныған балалар жазушысы” тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді. Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармалары таныстырылып, кітаптарына шолу жасалынды. Нұржан Ұлбосын жазушының “Менің атым Қожа” кітабынан үзінді оқып берді.

