«Әке асқар тау, биік шың» атты өнеге сағаты кітапхананың білім орталығында өтті.

14 маусым күні Кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен әкелер күніне орай «Әке асқар тау, биік шың» атты өнеге сағаты кітапхананың білім орталығында өтті. Кешке әкелер, бөлімінің оқырмандары Қосақов Ахметжан, Қасымқұлов Болатхан, Қажығалиев Ғибадулла қатысып жас оқырмандарға өнегелі әңгімелерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. Оқырмандар әкенің отбасындағы алар орны жайында видеоны тамашалады. Шара барысында Е.Бекмаханов мектеп гимназиясының 9 сынып оқушылары мен М.Әуезов атындағы мектептің 5,8 сынып оқушылары әкелер жайлы жыр жолдарын мәнерлеп оқыды. Бөлімнің белсенді оқырманы Б.Қасымқұлов «Әкем әнім», Ғ.Қажығалиев «Әке» әндерін шырқады.