Әділ сөздің алдаспаны» атты тарихи кеш өткізді.

21 қазан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен әділ сөздің алдаспаны, Алшын тайпасының Әлімұлы рулар бірлестігінің Төртқара руынан шыққан Әйтеке би Байбекұлының 380 жылдық мерейтойына орай «Әділ сөздің алдаспаны» атты тарихи кеш өткізді. Аталмыш шарада кітапханашы қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері Әйтеке бидің өмірі, саяси қызметі, ерлік істері туралы мәлімет беріп, кітапхана қорындағы кітаптармен таныстырды. Мақсаты: ұлы тұлғаның даналық ойларын жас ұрпақтың жадында жаңғыртып, тағылымын насихаттау. Оқырмандарды шешендік сөздер арқылы зерделі, білікті, ой-қиялы ұшқыр, тапқыр болуға тәрбиелеу.

Возможно, это изображение 17 человек, люди учатся и текст