«Әдебиет әлеміндегі демалыс!» атты әдеби аула өткізілді.
3 шілде күні Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ашық аспан аясында» кітапханалық жоба аясында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Әдебиет әлеміндегі демалыс!» атты әдеби аула өткізілді. Кітапханашы Жас бүлдіршіндер назарына қазіргі таңда танымал балалар авторларының шығармалары, ертегілер, кітапшалар ұсынылып, балаларға ертегілер оқып берді.

