“Әңгіме жанрының шебері” атты сыр кеші өткізілді.
29 сәуір күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Бейімбет Майлиннің 130 жылдық мерейтойына орай Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Әңгіме жанрының шебері” атты сыр кеші өткізілді.Іс-шара барысында кітапханашы бейне слайд көрсете отырып жазушының өмір жолымен таныстырып, оқушылар ақынның өлең шумақтарын мәнерлеп оқып берді.

