«Ұрпақ бейбітшілікке үн қосады» атты поэзия кеші өткізілді.

6 мамыр күні 9 мамыр – Жеңіс күніне қарсаңында №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ұрпақ бейбітшілікке үн қосады» атты поэзия кеші өткізілді. Кітапханашы соғыс жылдарында халқымыз қандай қиыншылықтардан өткені, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлер Отан қорғаудағы көрсеткен ерліктері туралы ақпарат беріп, мол мағлұматтар айтты. Оқушылар соғыс пен жеңіс тақырыбындағы өлеңдер оқыды. Шара соңында «Ұрпаққа ұран» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Нет описания фото.