“Ұмытылмас алаш есімі” атты мәнерлеп оқу өткізілді.

22 мамыр күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен ақын, драмашы, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына орай “Ұмытылмас алаш есімі” атты мәнерлеп оқу өткізілді. Шара барысында кітапханашы ақынның өмірі мен терең идеялы кең тынысты, тәрбиелік мәні зор шығармаларымен таныстырып, оқушылар “Күй”, ”Жазғытұрым”, ”Туған жер”, ”Тау суреті” т.б өлеңдері мен поэмаларын мәнерлеп айтып шықты. Шара соңында ақынның “Бес томдық шығармалар жинағы”, “Күй”, “Құлагер” атты кітаптарына шолу жасалды.

Возможно, это изображение 22 человека, люди учатся и текст