“Ұлыстың ұлы күні-Наурыз” атты өнеге сағаты өткізілді.
18 наурыз күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағуни атындағы орта мектебінің оқушыларымен “Ұлыстың ұлы күні-Наурыз” атты өнеге сағаты өткізілді. Шара барысында кітапханашы мерекемен құттықтап, ақ дастарханын жайып, наурыз көжеден дәм татқызды. “Ақ серек-көк серек” ойынын ойнап, «Қара жорға» биін биледі. А.Бауырхан наурыз туралы өлеңін оқыды.

