“ Ұлылардың ұрпақтары” атты тарихи сағаты өтті.
30 мамыр күні Оразалы ауылдық кітапханасында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске ал күніне орай Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “ Ұлылардың ұрпақтары” атты тарихи сағаты өтті. Іс-шара барысында кітапханашы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды еске алып, тарихы мен олардың тәлкекке толы тағдыры туралы баяндама оқылып бейне слайд көрсетілді.
Мақсаты: Алаш партиясының тарихы, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық-саяси қызметі туралы ақпараттандыру, ұлт зиялыларын еске түсіру.



