«Ұлы Жеңіс ұмытылмайды» тақырыбында танымдық кеш өткізілді.
6 мамыр күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында Домалақ ене орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұлы Жеңіс ұмытылмайды» тақырыбында танымдық кеш өткізілді. Мақсаты:Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһарман аға-апалар туралы таныстыру,балаларды Отанды сүюге,оны қорғауға баулу.Ұлы Отан соғысының тарихымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып,ой-өрісін дамыту. Кеш барысында жас оқырмандар патриоттық ән айтып,еске алу өлеңдерін оқып берді.

