«Ұлы көсем, ұлы баба – Әлдихан» тақырыбында әдеби сағат өтті.
3 қазан күні балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында балалар жазушысы Әлдихан Қалдыбаевқа «Ұлы көсем, ұлы баба – Әлдихан» тақырыбында әдеби сағат өтті. Мақсаты: оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру, жазушының өзіндік мұратын таныту, оқушылардың ой – өрістерін, сөйлеу мәдениетін арттыру.

