«Ұлы дала тарихы» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
19 қаңтар күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында Саттар Естемесов мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлы дала тарихы» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Шара барысында кітапханашы «Қазақстан Архитектурасы», «Ғылыми каталог», «Шу өңірі энциклопедиясы» атты кітаптар қойып, қазақ халқының тарихы және даламыздағы ұлттық құндылықтарымыз бен қасиетті жәдігерлеріміз жайлы оқырмандарға қысқаша айтып өтті.

