“Ұлттың ары мен намысы” тақырыбында портрет кеші өтті.
9 қаңтар күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек ері Дінмұхамед Қонаевтың 12 қаңтар туған күніне орай “Ұлттың ары мен намысы” тақырыбында портрет кеші өтті.Іс шара барысында кітапханашы қалың еліне бар талантымен, қайрат жігерімен, білім парасатымен қалтқысыз қызмет еткен дара тұлға Д.А.Қонаев атамыздың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат беріп,тұлғаның адалдығын, тазалығымен өзінің кісілік ұлылығымен мәңгі есте қалатындығы жайында айтты.

