«Ұлттық тәрбие отбасынан басталады”атты тәрбие сағаты өткізілді.
15 қаңтар күні Далақайнар ауылдық кітапханашының ұйымдастыруыменТ.Әшімбаев атындағы орта мектептің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлттық тәрбие отбасынан басталады”атты тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға Ұлттық тәрбие бастауы ананың ақ сүтімен,ана әлдиімен,атаның қасиетті сөздерімен бастау алатындығы,осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде отбасында атқарлатын жұмыстың орны ерекше екені туралы кең көлемде мағұлмат берді. Шараға қатысқан жас оқырмандар отбасы,әдептілік пен адамгершілік туралы мақал – мәтелдер айтты.

