”Ұлт тарихын ұлықтаған ұлы тұлға” атты тарих сағаты өтті.
12 қараша күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына орай ”Ұлт тарихын ұлықтаған ұлы тұлға” атты тарих сағаты өтті. Іс-шараға М.Мәметова орта мектебінің 9 сынып оқушылары қатыстып Т.Рысқұловтың өмірбаяны мен ерлігі туралы бейнеролик көрсетілді. Мақсаты: халқымыздың мақтан тұтар тұлғасының өмірі мен ерлігін дәріптеп насихаттау.

