«Ұлт рухын оятқан қаламгер» атты әдеби подиум өтті.

10 қаңтар күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен қазақ әдебиетінің классигі, қара сөздің хас шебері Ілияс Есенберлиннің 110 жылдық мерейтойына орай «Ұлт рухын оятқан қаламгер» атты әдеби подиум өтті. Аталған шарада қаламгердің өмірі мен шығармалары баяндалып, жазушының қандай шығармалар жазғанын және оның қолжазбалары әлем елдерінің қандай тілдеріне аударылғаны айтылды. Оқушылар «Алтын орда», «Қатерлі өткел» т.б тарихи шығармаларынан үзінді оқыды.

Возможно, это изображение 21 человек, люди учатся и текст