«Ұлт руханиятының үш бәйтерегі» атты тарихи-танымдық кеші өткізілді.
20 қыркүйек күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Kitap time – 2024» Республикалық кітап фестивалі аясында Үш бәйтерегіміздің І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б.Майлин 130 жыл толуына орай «Ұлт руханиятының үш бәйтерегі» атты тарихи-танымдық кеші өткізілді.Іс-шара барысында кітапханашы биылғы жылы қазақтың қайталанбас алыптары Ілияс, Сәкен, Бейімбет сынды ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығынан ақпарат беріп, оқырмандар Ілияс пен Сәкеннің өлеңдерін айтып, Б.Майлинның «Қара бала» әңгімесінен үзінді оқыды. Шара соңында кітапханашы «Алып алаштары» атты кітап көрмесімен таныстырды.

