«Ұлт мақтанышы – Қаныш Сәтпаев» тақырыбында печа-куча өткізді.

12сәуір күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен С.Сейфуллин мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтпаевтың – 125 жылдық мерейтойына орай «Ұлт мақтанышы – Қаныш Сәтпаев» тақырыбында печа-куча өткізді. Шара барысында академик Сәтбаевтың өмірбаяны және Геология институтын құрудағы еңбегі жайлы баяндалып, мектеп оқушылары Қазақстан ғылымына жан-тәнімен қызмет еткен тұлғамен танысты!