«Ұлт мақтанышы-Қаныш Сәтбаев» тақырыбында портреттік кеш өтті.
8 сәуір күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Домалақ ене орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлт мақтанышы-Қаныш Сәтбаев» тақырыбында портреттік кеш өтті. Шара барысында кітапханашы Қ.Сәтпаевтың өмірбаянымен еңбек жолын таныстырды. Мақсаты: Қаныш Сәтпаевың ғылым жолын және еңбектерін оқушылардың бойына дарыту,оқушыларға білімділікті, еңбекқорлықты, тарихты қастерлей білуге тәрбиелеу.

