«Ұлт мақтанышы-Қаныш Сәтбаев» атты кездесу кеші өтті.
11 сәуір күні Мойынқұм ауылдық кітапханасында қазақтың тұңғыш геллогы, академик, қазақ металлогения мектебінің негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай «Ұлт мақтанышы-Қаныш Сәтбаев» атты кездесу кеші өтті. Шара барысында кітапханашы Ұлы ғалым Қ. Сәтбаевтың тамаша өмірі мен ұланғайыр қызметі туралы жан-жақты мағлұмат беріп, оның өшпес жарқын бейнесін өрнектейтін, болашақпен ұштастыратын құнды еңбектері насихаттады.

