«Ұлт мүддесін ойлаған» атты өмірбаяндық шолу өткізді.
7 ақпан күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері жазушы, журналист, Қазақстан жазушылар одағының және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Көсемәлі Сәттібайұлының 65 жас мерейтойына орай жазушының өмір жолы мен шығармашылығы жайлы мәлімет бере отырып, прозалық, лирикалық хикаяттар мен повестерді жанына серік еткен қайраткердің дара жолымен өскелең ұрпақты таныстыру мақсатында«Ұлт мүддесін ойлаған» атты өмірбаяндық шолу өткізді. Аталмыш шарада кітапханашы «Сумен жазылған өлең», «Сайқымазақ дүние», «Жаралы жапырақтар» атты кітапхана қорындағы кітаптарымен таныстырды.

