«Үш бәйтерек-үш ғұмыр» тақырыбында портрет кеші өтті.
18 қазан күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі Сәкен, Бейімбет, Ілиястың 130 жылдық мерейтойларына орай «Үш бәйтерек-үш ғұмыр» тақырыбында портрет кеші өтті. Іс-шара барысында кітапханашы халқымыздың ұлттық әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин өздерінің жазған туындыларымен адамдардың жаңа заманға сай сауатты болуына, ой-өрісінің өсуіне зор ықпал етіп, 1894-1938 жылдар аралығында қатар өмір сүрген халқының асыл перзенттері еліміздің өндіріс орындары мен еңбек адамдарының игі істерін шығармаларына арқау еткендіктері туралы айтты.

