“Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер” тақырыбында әдеби печа- куча өтті.

4 маусым күні аудандық кітапхананың білім орталығында Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арнайы “Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер” тақырыбында әдеби печа- куча өтті. Шараға Әл-Фараби атындағы орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Іс-шара ҚР- ның әнұранымен басталып, кітапханашы мемлекеттік рәміздер халқымыздың рухының, ұлттық салт- санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман- тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер екендігін атап өтті. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетіміз екендігін айта отырып, мерекеге жиналған қонақтарды рәміздер күнімен құттықтады. Шара соңында рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту және құрметтеу мақсатында “Тәуелсіз елдің нышандары” атты кітап сөресіне шолу жасалды.