«Үміт жырын үкілеткен ақын» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.
11 қараша күні Далақайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында ақын, жазушы, әнші-сазгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Үміт Битенованың шығармаларын насихаттау мақсатында «Үміт жырын үкілеткен ақын» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.
Іс –шара барысында кітапханашы оқырмандарға ақының еңбек жолы мен шығармашылығын таныстыра отырып, бүгінде көпшілік арасында әдебиеттің барлық жанырында қаламын еркін сілтейтін ақындық пен сазгерлік қатар дамып, үйлесім тапқан ақынның бірі екенін айтып, ақынның «Қар астындағы жауқазын», «Шын ғашықтар қосылмайды деген кім» т.б кітаптарымен таныстырып, шығармаларын жас оқырмандарды оқуға шақырды.

