“Үлкен әлемге жол ашатын кітап”тақырыбында букросинниг өтті.
22 сәуір күні Еңбекші орта мектебінің 5 сынып оқушыларымен 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай “Үлкен әлемге жол ашатын кітап”тақырыбында букросинниг өтті.
«Буккроссингтің» басты мақсаты – үйімізде жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау», оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу.



