“Қызықты ертегілер еліне саяхат” тақырыбында ертегі оқу ісшарасын өткізді.
2 сәуір күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай “Қосқұдық” балабақшасында “Қызықты ертегілер еліне саяхат” тақырыбында ертегі оқу ісшарасын өткізді.
Аталған шарада кітапханашы бүлдіршіндерге “Хан мен үш ұры”, “Еркеме – ертегім”, “Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай” т.б қызықты ертегілер оқыды. Бүлдіршіндер ертегіден тамаша әсер алды.
