«Қыл қалам шебері» тақырыбына шолу өтті.

24 қаңтар күні Далақайнар ауылдық кітапханасында Т.Әшімбаев орта мектеп оқушыларының қатысуымен қазақтың әйгілі суретшісі Әбілхан Қастеевтың 120 жылдық мерейтойына орай «Қыл қалам шебері» тақырыбына шолу өтті. Іс –шара барысында кітапханашы дарынды суретшінің өмірі мен шығармашылығынан ақпарат беріп, қыл қалам шеберінің туындылары «Түрксіб»(1932),«Мақта жинау» (1936), «Амангелді сарбаздары»(1970),«Жас Абай»(1945) сияқты еңбектерін оқушыларға таныстырды.

Нет описания фото.