«Қылқалам шебері» тақырыбында шолу өткізілді.
24 қаңтар күні Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Еңбекші орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойына орай «Қылқалам шебері» тақырыбында шолу өткізілді. Шара барысында кітапханашы Ә.Қастеевтің қыл қаламынан шыққан туындыларды, қанық бояулары мен ұлттық ұстаным үрдістерін жан-жүрегі халқым деп соққан дарынды суретші туралы баяндап, еңбек жолындағы тарихына шолу жасады.

