«Қылқалам шебері» атты тұлғатану сағаты өтті.
17 қаңтар күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойына орай «Қылқалам шебері» атты тұлғатану сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды қазақтың саңлақ суретшісі Ә.Қастеев туралы білімдерін толықтыру, суретшінің қылқаламынан туған шығармаларымен таныстыру. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.




