«Қылқалам шебері Әбілхан Қастеев» атты кеш өтті.
16қаңтар күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойына орай «Қылқалам шебері Әбілхан Қастеев» атты кеш өтті. Шара барысында жас оқырмандар назарына суретшінің суреттері ұсынылып, өмірбаянынан мағлұмат берілді. Сондай-ақ Ә.Қастеев қазақ халқының өмірін жан-жақты суреттеп, қазақтың тарихи тұлғаларының кескін келбетін сомдап кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған суретші екені айтылды

