“Қош келдің, жаңа жыл” атты мерекелік кешін өткізді.
26 желтоқсан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері “Қосқұдық” балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен “Қош келдің, жаңа жыл” атты мерекелік кешін өткізді.
Аталған шарада кітапханашы қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, кішкентай оқырмандар ән айтып, би билеп, жатқа өлең оқып өз өнерлерін көрсетті. Балаларға жаңа жылдық кешке арналған сыйлықтар таратылып, көңілді би кеші ұйымдастырылды.

