«Қазақтың текті қыраны» атты танымдық сағаты өтті.
4 мамыр күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жасқа толуына орай «Қазақтың текті қыраны» атты танымдық сағаты өтті. Шара барысында ерлікпен қаза тапқан жауынгер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Кітапханашы оқушыларға Ә.Молдағұлованың өмірімен таныстырып, Ұлы Отан соғысы жайлы толығырақ мағлұматтар берді. Молдаберген Жантөре Қ.Бұғыбаеваның “Батыр қызға” өлеңін оқып, “Ер-елінің қорғаны” атты кітап көрмесімен таныстырды.

