«Қазақтың төрт түлігі» тақырыбында библиошар өткізілді.
31 қаңтар күні Көкқайнар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Саттар Естемесов мектебінің оқушыларының қатысуымен «Қазақтың төрт түлігі» тақырыбында библиошар өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы төрт түлік малдың біз үшін қаншалықты пайдасы бар екендігі туралы кең көлемде түсінік беріп, оқушылар төрт түлік туралы аңыз әңгімелермен бөлісіп, шарға жасырылған сұрақтарға жауап берді.

