«Қазақтың поэзия падишасы Фариза Оңғарсынова» атты поэзия сағаты өтті.

22 қазан күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың 85 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың поэзия падишасы Фариза Оңғарсынова» атты поэзия сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы қазақтың сөз өнерін биік белеске шығарып, поэзияға жаңа леп әкелген ақындардың бірі, Махамбет жырларынан нәр алған ақын өр мінезімен, өршіл жырларымен ерекше дарыны мен үздіксіз ізденісінің арқасында бүкіл халық ардақ тұтар ақынға, мемлекет қайраткеріне айналғаны туралы айтты. Кеште Е.Кенжебек ақынның «Қырдағы қыс», Б.Мұратқызы «Сандуғаш», Ж.Махамбет «Өлең», Ә.Есентай «Ескерту» өлең шумақтарынан оқыды. Шара соңында оқырмандарға «Жыр падишасы» тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасалды.

Возможно, это изображение 17 человек, люди учатся, детская игрушка и текст