«Қазақтың көрнекті жазушысы» атты әдеби кейс өткізді.

23 қаңтар күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында С.Сейфуллин мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақтың көрнекті жазушысы» атты әдеби кейс өткізді. Шара барысында қазақ балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармалары таныстырылып, оқушылар оқыған кітаптарын қысқаша баяндады. Кітапханашы «Өлгендер қайтып келмейді», «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа» т.б. кітаптарына шолу жасады.

Нет описания фото.