«Қазақтың біртуар перзенті» атты әдеби портал өтті.
15 қазан күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен қазақ халқының асыл перзенті, көрнекті ақыны, жазушы, ірі қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың біртуар перзенті» атты әдеби портал өтті. Шара барысында кітапханашы Сәкен Сейфуллин -қазақтың бір туар ұлы, өлмес әдеби, мәдени мұра қалдырғаны туралы мәлімет беріп, кітапханаға кітап оқуға шақырды.

