«Қазақтың абыз – Қаратайы» атты сыр кеш өтті.

7 ақпан күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Д.Қонаев орта мектеп оқушыларының қатысуымен мемлекет қайраткері, экономика ғылымының докторы Қаратай Тұрысовтың 90 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың абыз – Қаратайы» атты сыр кеш өтті. Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға билікте бағын сынап, мемлекеттің жүз қырық миллион жұмысшы шаруалардың басын қосқан, еңбекқор Қаратай Тұрысовтың өмірбаяны мен еңбек жолын таныстырып өтті.