«Қазақтың ақын қызы – Ф.Оңғарсынова» атты тақырыбында танымдық кеш өтті.

5 желтоқсан күні Төле би ауылдық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен Мемлекеттік сыйлықтың иегері,қазақ елінің мақтанышы,қазақтың сүйікті ақын қызы Фариза Оңғарсынованың 85 жылдық мерей тойына орай «Қазақтың ақын қызы – Ф.Оңғарсынова» атты тақырыбында танымдық кеш өтті.Мақсаты:ақынның шығармаларын жас ұрпаққа дәріптеу,мәнерлеп оқуға,сөз асылын түсіне білуге баулу,ұлттық асыл қасиеттерді бойына сіңіру.Шараны кітапханашы Г.Исатаева жүргізіп ақынның өмірбаянымен таныстырып,кітапханамыздың оқырмандары ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.Кітапхана қорындағы Ф.Оңғарсынованың «Мен сенің жүрегіңдемін» өлеңдері Г.Оразалықызының Фариза Оңғарсынова атты естелік кітаптары таныстырылды.

Возможно, это изображение 22 человека, люди учатся и детская игрушка