«Қазақтың ақын қызы» атты әдеби микс өткізілді.
10 желтоқсан күні Далақайнар ауылдық кітапханасында ұйымдастыруыменТ.Әшімбаев атындағы орта мектептің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақтың ақын қызы» атты әдеби микс өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы қазақтың аса көрнекті ақыны, төл әдебиетімізде төрден орын алатын, жұртшылықтың сүйікті ақынына айналған Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы мен өмір жолымен таныстырып, оқырмандар ақынның өлеңдері мен арнау жырларынан үзінді оқыды.
Кітапханашы қатысушыларға ақынның кітап қорындағы кітаптарын таныстырып, шолу жасады.



