«Қазақтың өнер жұлдызы» атты сыр кеші өткізілді.
5 наурыз күні Қонаев ауылдық кітапханасында ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Өмірзақова Әмина Ерғожақызының 105 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың өнер жұлдызы» атты сыр кеші өткізілді. Кітапханашы Әмина Өмірзақованың өнер жолымен, шығармашылығымен таныстырды. Шара барысында соңына мол мұра қалдырған киноактрисаның өмір жолынан мәліметтер беріліп, «Тақиялы періште» фильмінен кинолента ұсынылды.
Шараға қатысушы оқушылар М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Т.Молдағалиевтың «Ана» туралы жырларын оқып берді.

